Медицина мектебі зертханасының аға үйлестірушісі
Job Overview
1. Зертхана ассистенттері мен зертханалық инфрақұрылымның техникалық қызметін әкімшілендіру және үйлестіру;
2. Зертханалық саясат пен рәсімдерді әзірлеу және енгізу. Операциялық саясаттар мен рәсімдерді басқару және үйлестіру; зертханалардың қызметіне қатысты мәселелерді ғылыми-зерттеу персоналымен үйлестіру;
3. Нақты операциялық мәселелерді шешу және техникалық қызметті жақсарту үшін мектептің ғылыми жетекшілерімен, ғылыми зерттеушілерімен және қызметкерлерімен байланысты қолдау. Техникалық рәсімдер, әдістер және жабдықтар бойынша кеңес беру, сондай-ақ белгілі бір операциялық стандарттарға сәйкестікті қолдау;
4. Мемлекеттік нормаларға сәйкес зертханалық жабдықтарды орнату және қызмет көрсету. Жабдықтарды калибрлеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
5. Биологиялық қауіптілікті қоса алғанда, зертханалардың қауіпсіздігіне сапаны тексеру жүргізу және тиісті зертханалық тәжірибеге сәйкес үй-жайларға техникалық қызмет көрсету;
6. Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы стандарттарын сақтау тұрғысынан зертханалық персоналдың мониторингі;
7. Зертханалық персоналды стандартты операциялық рәсімдерге (СОР) және жабдыққа қойылатын талаптарға тиісті түрде оқытуды қамтамасыз ету;
8. Сұрау салуға сәйкес зерттеушілерге зертханалық материалдарды түгендеу және бөлу мониторингін жүргізу. Қажет болған жағдайда қорларды бақылау және толықтыру;
9. Жаңа қызметкерлер мен зерттеушілерге (ерікті студенттер, техникалық мамандар және аспиранттар) жетекшілік ету және зертханалық рәсімдерге басқару және оқыту;
10. Зертхананы қаржылық басқаруды қамтамасыз ету, зертхана бюджетін әзірлеу, үрдістерді талдау, есептерді дайындау;
11. Мамандандырылған эксперименттерді дербес жүргізу. Эксперименттік хаттамалар мен әдістерді жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстар енгізу. Қажет болған жағдайда жаңа хаттамаларды әзірлеу.