Make Your Resume Now

Дайындық мектебінің менеджері

Full-time
Entry Level

Job Overview

Менеджер мынадай еңбек міндеттерін орындайды:

  1. Мектептің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды дайындау және ресімдеу;
  2. Мектептің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мектептің тыңдаушыларымен және академиялық персоналымен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асыру;
  3. Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде әлеуетті тыңдаушыларды тарту бойынша рекрутингтік науқанға  (Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі презентациялар, халықаралық білім беру көрмелері) қатысу;
  4. Қазақстан Республикасының өңірлерінде және одан тыс жерлерде Назарбаев Университетіне түсу тестін өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
  5. Университеттің Университет алдындағы дайындық бағдарламасының оқу кестесін жасау, Регистрар жүйесіне кестені енгізу, семестр бойы кестені өзгерту сұраныстары бойынша қолдау;
  6. Мектеп тыңдаушыларының дерекқорын қолдауды және жаңартуды, оның ішінде Power BI бағдарламасында базаны жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
  7. Университеттің Университет алдындағы дайындық бағдарламасының студенттік контингенті бойынша деректерді дайындау (ресми статистика, қажетті деректерді жинау және жинақтау, есептілікті қалыптастыру);
  8. академиялық жыл бойы Мектеп бағдарламаларының тыңдаушылары мен студенттерінің білімін бағалау жөніндегі іс-шаралардың барлық түрлеріне жетекшілік ету: емтихандарды ұйымдастыруда академиялық персоналға көмек көрсету (отырғызу жоспары, кесте, тіркеу, емтихан материалдарын басып шығару, емтихан бланкілері, т.б.), Пән жетекшісінің Регистрар жүйесіне емтихандарды бағалау нәтижелері бойынша деректерді сақтауы және енгізуі;
  9. Мектеп жұмыскерлерінің, студенттерінің және тыңдаушыларының кампусқа кіруін ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру;
  10. Университеттің Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша тыңдаушылармен білім беру қызметтерін көрсету шарттарына қол қою рәсімін ұйымдастыру және өткізу;
  11. Мектеп тыңдаушыларына бағдарлау апталығын ұйымдастыруға көмек көрсетуді жүзеге асыру;
  12. оқу процесін ұйымдастыру үшін Мектептің оқытушы-профессорлар құрамының сұранысы бойынша дәріс аудиторияларын броньдау.
  13. Мектептің құзыретіне кіретін жеке тапсырмалар, тікелей басшының тапсырмалары бойынша талдамалық материалдар, презентациялар, ақпараттар дайындау;
  14.  жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторинг процестеріне қатысу;
  15. Мектептің Аға менеджері мен Менеджері (академиялық мәселелер бойынша) уақытша болмаған кезеңде (бір айға дейінгі мерзімде) оның міндеттерін атқарады (алмастырады).
  16. тікелей басшысының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындайды;
  17. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
  18. еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;
  19. заңнамаға, Жұмыс берушінің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жариялануын немесе таратылуын болдырмау үшін жауапты болады;

Ready to Apply?

Take the next step in your career journey

Stand out with a professional resume tailored for this role

Create Resume