Дайындық мектебінің Аға менеджері (уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына)
Full-time
Entry Level
Job Overview
Аға менеджер мынадай еңбек міндеттерін орындайды:
- Мектептің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды дайындау және ресімдеу;
- Мектептің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша академиялық және әкімшілік персоналмен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының өңірлерінде және одан тыс жерлерде Назарбаев Университетіне түсу тестін өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
- коммерциялық жобалар бойынша Мектептің жаңа бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу (бар болса);
- Мектептің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, келісу және оларды бекітуге және уақытылы жаңартуға дайындау: Тыңдаушылардың нұсқаулығы, Мектептің академиялық бағдарламаларының жобалары, ОПҚ анықтамалығы және басқа да құжаттар;
- іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу және есептілікті ұсыну, Мектептің негізгі тәуекелдерін басқару бойынша ұсыныстар енгізу;
- Мектеп деңгейінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау (талдау), басқару және мониторинг процестерін үйлестіру;
- құрылымдық бөлімшелермен тәуекелдер байланысын қолдау;
- тәуекелдерді басқарудың қолайлы мәдениетін дамытуға және қолдауға қатысу;
- коммерциялық жобалар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру (бар болса): коммерциялық жобалардың қызметтері үшін ақы төлеу мониторингі, жобаларға қатысуды мониторингтеу, кесте құру, оқу бөлмелерін дайындау, білім алушыларға сертификаттар дайындау және беру;
- коммерциялық жобалардың нұсқаушыларымен сервистік шарттар жасасу және орындау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру (бар болса);
- потенциалды клиенттермен және серіктестермен келіссөздер жүргізу, ұсынылатын қызметтерді ұсыну;
- электрондық пошта мекенжайларының дерекқорын жинауды және онымен жұмыс істеуді қоса алғанда, Customer Relationship Management (CRM) жүйесімен жұмыс жасауға көмектесу;
- Университеттің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғаудың сақталуын қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде және (немесе) басшылықтың тапсырмасы бойынша Мектеп жұмысының аясында мұндай ашу талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Мектепте Университеттің қызметіне қатысты құпия ақпаратты таратпау режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
- Мектептің құзыретіне кіретін жеке тапсырмалар, тікелей басшының тапсырмалары бойынша талдамалық материалдарды, презентацияларды, ақпараттарды дайындау;
- Мектептің Менеджері уақытша болмаған кезеңде (бір айға дейінгі мерзімде) оның міндеттерін орындайды (алмастырады);
- тікелей басшысының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындайды;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
- еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;
- заңнамаға, Жұмыс берушінің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе таратылуын болдырмау үшін жауапты болады;
- жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасының, цифрлық ақпараттың, мүкәммалдың тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа жұмыскерге уақтылы тапсырылуы үшін жауапты болады.