Аға менеджер, Студенттерді оқуға қабылдау офисі
Full-time AssociateJob Overview
1) Бөлімшенің жұмыстарын талдауға және жоспарлауға қатысу;
2) Назарбаев Университеті (бұдан әрі - Университет) академиялық бағдарламалары мен белгілі мақсаттар шеңберінде біріктірілген қызметкерлер жиынтығына (бұдан әрі - блок) жетекшілік ету;
3) Университетке талапкерлерді/үміткерлерді қабылдауды жүзеге асыру;
4) мақсаттарды уақытылы орындалуын үйлестіру, үдерістерді талдау мен тиімділеу бойынша ұсыныстарды беру, блок жұмысы мен жетекшілік етілетін бағдарламалар бойынша жешімдер қабылдау арқылы блокты басқару;
5) блоктың әрекеттерін жоспарлау және олардың орындалуына жауапты болу;
6) Басшының жүктеген өкілеттігі аясында түрлі жиналыстар мен іс-шараларда блок мүддесіне өкілдік ету; 7) Университеттің академиялық бағдарламаларына түсуге қойылатын талаптар бойынша Университеттің ресми сайтында Бөлімшенің бөлімін үйлестіру және жүргізу;
8) өз құзыреті аясында конкурстық іріктеу процестері мен оқуға қабылдау бойынша статистика жүргізу;
9) Университет бағдарламаларына талапкерлерді/үміткерлерді конкурстық іріктеу және оқуға қабылдауды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
10) Университетке оқуға түсу онлайн өтінімдерін қабылдау процесін автоматтандыру, жетілдіру және оңтайландыру жұмыстарын жоспарлау және іске асыруға, талдауды жасау;
11) Бөлімше қызметінің аясында Университет бағдарламаларына талапкерлерді/үміткерлерді тарту мақсатымен оқу бағдарламаларын үгіттеуде және рекрутинг іс-шараларына қатысу;
12) шетелдік ұйымдармен стандартталған тестілер мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;
13) Бөлімше құзыреті шегінде Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салуларымен жұмыс істеу, азаматтардың, әріптестердің және басқа ұйымдардың хаттары мен өтініштеріне уақтылы жауаптар беру;
14) Бөлімшенің құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу;
15) студенттерді оқуға қабылдау мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу және блок шеңберінде шешім қабылдау;
16) Университет бағдарламаларына қабылдау үшін жауапты блок менеджерлерінің жұмысын үйлестіру бойынша Басшыға жәрдемдесуді жүзеге асыру;
17) блок аясында Қабылдау комиссияларының жұмысын үйлестіру;
18) Университет бағдарламалары талапкерлерінің/үміткерлерінің электрондық деректер базасын жүргізу, тексеру және түзетулер жасау;
19) блок қызметкерлері өндеген талапкерлер/үміткерлердің құжаттарын тексеру;
20) блок жетекшілік ететін талапкерлер/үміткерлердің құпия деректеріне қол жету және олардың үйлестіру мен сақталуына жауапты болу;
21) өз құзыреті шегінде Университеттің нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу;
22) жетекшілік ететін блок аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
23) өз құзыреті шегінде және (немесе) Университет басшылығының тапсырмасы бойынша Бөлімше орындайтын жұмыс аясында мұндай жариялау талап етілмеген жағдайды қоспағанда, талапкерлердің/үміткерердің/ тыңдаушылардың/студенттердің жеке деректеріне, Университеттің қызметіне қатысты ақпараттың құпиялылығын сақтау;
24) талапкерлердің/үміткерлердің жеке істерін Университеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуге жауапты болу;
25) алдын алу шараларын уақтылы қабылдау үшін Басшыға болуы мүмкін тәуекелдер, қауіптер, штаттан тыс жағдаяттардың туындағаны туралы уақтылы хабардар етуге;
26) талап етілетін лауазымдық міндеттеріне сәйкес біліктілігін арттыруға;
27) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Басшы мен Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
28) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
29) блоктың еңбек және қызметтік тәртітінің сақталуына жауап беру;
30) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болу;
31) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.
Make Your Resume Now