Make Your Resume Now

Менеджер (уақытша лауaзым), Жоғары бизнес мектебі (13 грейд)

Posted November 26, 2025
Full-time Mid-Senior Level

Job Overview

1) Мектептің студенттерін оқытуға байланысты барлық процестерді үйлестіру және қамтамасыз ету;

2) Мектептің бағдарламаларына, оның мақсаттарына, нормалары мен ережелеріне қатысты Мектептің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттеріне консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;

3)  оқыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Мектептің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттеріне академиялық мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету (күндізгі МВА бағдарламасы, басшыларға арналған МВА бағдарламасы, қаржы жөніндегі ғылым магистрі);

4) студенттердің деректер қорын жүргізу;

5) білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша шығыстарды  жоспарлау және бюджет жобасын қалыптастыру;

6) студенттердің академиялық үлгерімін бақылау (күндізгі МВА бағдарламасы, басшыларға арналған МВА бағдарламасы, қаржы жөніндегі ғылым магистрі);

7) үлгермейтін студенттерге кешенді атаулы көмек көрсету;

8) студенттердің академиялық мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу; топтың оқу құжаттамаларын жүргізу: үлгерім, қатысу (қажет болса) қорытындылары бойынша құжаттар толтыру және т.б.;

9) Мектептің және Университеттің іс-шараларына топтың қатысуын ұйымдастыру;

10) оқыту бағдарламасын іске асыру бойынша есептілікті жасау және тапсыру (студенттердің үлгерімі, бюджеттің атқарылуы және т.б.), сондай-ақ талдамалық жазбалар жазу (қажет болғанда);  

11)  жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

12) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Деканның, Басшының және Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. 

Ready to Apply?

Take the next step in your career journey

Stand out with a professional resume tailored for this role

Build Your Resume – It’s Free!