Психолог, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті
Full-time Mid-Senior LevelJob Overview
Міндеттер (мақсаттар, негізгі жауапкершілік салалары және функциялар):
1. Психологиялық көмек көрсету:
1) Студенттерге жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізу, кеңес беру нәтижелерін тиісті бағдарламалық жасақтамаға/дерекқорға енгізу;
2) Студенттерге арналған топтық кеңестер/сессиялар өткізу;
3) Кезекшілік кестесіне сәйкес шұғыл кеңес беру және дағдарыс жағдайларында психологиялық көмек көрсету;
4) Кезекшілік пен триаж шеңберінде бастапқы бағалау консультацияларын өткізу;
5) Заманауи әдістер мен құралдарды, тиісті тесттерді қолдана отырып психодиагностика жүргізу және нәтижелерді тиісті бағдарламалық жасақтамаға/дерекқорға енгізу;
6) Өткізілген консультациялар бойынша есептілік жүргізу және өтініштер динамикасын талдау.
2. Білім беру және профилактикалық қызмет:
1) Студенттер мен жұмыскерлерге арналған психологиялық мәселелер бойынша ақпараттық материалдар (мақалалар, кітапшалар, жадынамалар) дайындауға қатысу.
2) Студенттер мен жұмыскерлердің психологиялық денсаулығын жақсартуға бағытталған тренингтер мен семинарлар үшін бағдарламалар әзірлеу және оларды бекітілген кестелерге сәйкес өткізуге қатысу.
3) Студенттердің психологиялық денсаулығы бойынша шеберлік сағаттары, семинарлар, тренингтер және мазасыздық деңгейін төмендету, күйзеліс төзімділігін арттыру, эмоционалды шаршауды болдырмау секілді профилактикалық бағдарламалар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
4) Психология тақырыптары мен студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыруға арналған кездесулер, пікірталас клубтары мен ақпараттық сессиялар өткізуге қатысу.
5) Біліктілікті арттыру бағдарламалары аясында өткен оқу бағдарламаларының нәтижелері бойынша әріптес-психологтарға арналған білім беру іс-шараларын өткізу, сондай-ақ психологиялық кеңес беру саласындағы заманауи білімдермен, жаңа әдістемелермен және үздік тәжірибелермен алмасу.
3. Дағдарыстық психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға және көрсетуге қатысу:
1) Студенттер мен жұмыскерлерге дағдарыстық жағдайларда әрекет ету және алғашқы психологиялық көмекті көрсету әдістері бойынша тренингтерді әзірлеуге, ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Дағдарыстық әрекет ету бойынша жаттығулар мен симуляциялық тренингтерді әзірлеу және өткізу.
2) Дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмі мен психологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша студенттер мен жұмыскерлерге арналған жадынамалар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу.
3) Қажет болған жағдайда студенттер мен жұмыскерлерге дағдарыстық жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету.
4) Қиын өмірлік жағдайларды (жоғалту, жарақат, зорлық-зомбылық және т.б.) бастан кешірген студенттерге дағдарыстан кейінгі сүйемелдеу;
5) Белсенді бақылауды және олардың кейстерін талқылауды қажет ететін студенттердің мәселелері бойынша пәнаралық комиссияларға қатысу. Ықпал ету алгоритмдерін талдау және жақсарту үшін дағдарыстық жағдайлардың дерекқорын жүргізу. Өтініштер есептілігін жүргізу және динамикасын талдау. Күрделі жағдайдағы студенттер бойынша анамнез, кеңес беру саны, жүгіну себептері мен ұсынымдары жөнінде басшылыққа ақпарат беру;
6) Белсенді бақылауды қажет ететін студенттердің жағдайын бақылау және мониторингілеу мақсатында емханалық қызметтің және/немесе медициналық ассистанстың психиатрымен, қалалық психикалық денсаулық орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу;
7) Дағдарыстық жағдайларда жұмысты үйлестіру үшін құрылымдық бөлімшелермен, әкімшілік және сыртқы құрылымдармен өзара әрекеттесу.
4. Кәсіби құзыреттерді дамыту:
1) Семинарлар, конференциялар, оқыту бағдарламалары, тренингтер, интенсивтер мен шеберлік сабақтарына қатысу арқылы біліктілікті арттыру.
2) Әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасу, сарапшылық кездесулерге, дөңгелек үстелдер мен пікірталас клубтарына қатысу. Кәсіби қауымдастықтар мен бірлестіктер жұмысына қатысу, Университеттің психологиялық қызметін дамытуға жәрдемдесу.
3) Кеңес беру және диагностикалық жұмыстың сапасын арттыру мақсатында кәсіби супервизиялар мен интервизиялардан өту.
4) Университет студенттері мен жұмыскерлерінің психоэмоционалдық жағдайын зерттеуге бағытталған психология саласындағы зерттеулерге қатысу.
5) Студенттер мен жұмыскерлердің білм беру ортасында психологиялық әл-ауқатын арттыру мақсатында жаңа психологиялық әдістемелер мен тәсілдерді әзірлеуге, бейімдеуге және енгізуге қатысу.
6) Психологиялық кеңес беру және психодиагностикада заманауи цифрлық технологияларды меңгеру және қолдану (онлайн-кеңес беру, арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, психологияда жасанды интеллектпен жұмыс істеу).
5. Әкімшілік және талдамалық жұмыс:
1) Онлайн кестелерді, дерекқорларды және бағдарламалық жасақтаманы уақытында және дұрыс толтыру, деректерді dashboard-қа енгізу және Бөлімше басшылығы тарапынан өткізілген іс-шаралардың саны мен мәртебесін бақылау.
2) Статистикалық деректерді, есептерді және талдамалы анықтамаларды жасау, талдау және Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ басшылыққа ұсыну.
3) Құжаттаманы, регламенттерді және әдістемелік материалдарды, психологиялық көмек қызметіне қатысты психологиялық көмек жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.
4) Жетекшілік ететін бағыт бойынша бюджетті жоспарлау және бөлуге қатысу.
5) Құжаттаманы жүргізу және дерекқорлармен жұмыс істеу барысында құпиялылықты және жеке деректерді қорғау нормаларын сақтау.
6) Университеттің психологиялық қызметінің даму стратегияларын әзірлеуге қатысу, студенттер мен жұмыскерлердің психологиялық қолдау қажеттіліктерін талдау.
7) Көрсетілетін психологиялық көмек тиімділігін бақылау, тенденцияларды талдау және жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Make Your Resume Now