Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің менеджері (декреттік демалысқа орай уақытша алмастыру)
Full-time Mid-Senior LevelJob Overview
1) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерін тіркеуді, есепке алуды, беруді және сақтауды жүзеге асырады, шешімдерде берілген тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
2) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерінің тізілімін жасайды;
3) Университет басшылығының өз күшін жойған негізгі қызмет бойынша шешімдерінің есебін жүргізеді;
4) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады және негізгі қызмет бойынша басшылықтың шешімі бойынша істердің жай-күйі мен орындаушылық тәртіптің деңгейіне талдау жасайды, орындау мерзімдері туралы жауапты орындаушылар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларын хабардар етеді, орындаушылық тәртіп туралы Университет басшылығына ақпарат дайындайды;
5) Университет шешімдерінің үлгі нысандарының табелін жүргізеді, Университет шешімдерінің үлгі нысандарының өзектілігін бақылайды және мониторингін жүзеге асырады, ескі үлгі шешімдер нысанын өзектендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және Университет Мектептері үшін жаңа үлгі шешімдердің нысандарын әзірлейді;
6) Бөлімше жұмыскерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді;
7) Университет пайдаланатын электрондық құжат айналымының сыртқы сервистерінде есепке алу жазбаларын жасайды және құрылымдық бөлімшелер мен Мектептердің электронды құжаттар пакеттерін жүктеу процесін бақылайды;
8) Университет органдарының (Басқарушы кеңес, Академиялық кеңес және Ғылыми кеңес) құжаттарын қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады және сақтауды ұйымдастырады;
9) Университет жұмыскерлеріне электрондық құжат айналымы жүйесіндегі жұмыс бойынша консультация береді, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЭҚЖ әкімшілерімен және әзірлеушілерімен байланысты жүзеге асырады;
10) Университет бюджетінің баптарына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған Бөлімшенің бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысады;
11) Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарына іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
12) Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды дайындайды;
13) жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;
14) Бөлімшенің жұмыскерлері уақытша болмаған кезеңде олардың міндеттерін атқарады (алмастырады) (бір айға дейінгі мерзімде);
15) Тікелей басшының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындайды;
16) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
17) еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;
18) заңнамаға, Жұмыс берушінің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ құпия және қызметтік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе таратылуын болдырмау үшін жауапты болады;
19) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа жұмыскерге уақтылы беру үшін жауапты болады.
Make Your Resume Now