Make Your Resume Now

Аға менеджер, Маркетинг Департаменті (негізгі қызметкерді ауыстыру кезінде)

Posted February 09, 2026
Full-time Not Applicable

Job Overview

  1. Университеттің 2018-2030 жылдарға арналған стратегиясындағы маркетинг және БАҚ-пен жұмыс істеу департаменті аясындағы мақсаттарға қол жеткізуге ат салысу; 

  2. контент-жоспарларды, SMM стратегияларды және шетелдегі маркетингтік науқандарды әзірлеуге қатысу; 

  3. құрылымдық бөлімшелердің Университет брендінің танымалдылығын арттыруға және мектептердің білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді тартуға бағытталған іс-шараларын өткізуге жәрдемдесу, сондай-ақ қадағалау және ұсыныстар беру;

  4. Google Analytics-пен жұмыс істеу, соның ішінде деректерді талдау және университет веб-сайтының трафигі туралы есеп беру, мазмұнды оңтайландыру және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту;

  5. Университет веб-сайтына өзгерістер енгізу үшін әзірлеушілермен өзара әрекеттесу, оның ішінде әзірлеушілерге оның функционалдығы мен өнімділігін жақсарту үшін қажетті нұсқаулар мен талаптарды ұсыну;

  6. Университеттің веб-сайтымен жұмыс, оның ішіне контенттік толтыру, басқа сайттармен интеграцияны қолдау, сайттың аналитикасы мен визуалды дизайны бойынша жұмыс кіреді;

  7. CRM жүйесіндегі жұмысты оңтайландыру, мектеп қызметкерлерін CRM жүйесін пайдалануға үйрету тренингтерін өткізу және клиенттердің деректер базасын жүйелі түрде жаңарту және CRM жүйесі арқылы клиенттермен жұмыс істеу тиімділігін бақылау және талдау;

  8. SEO-мен жұмыс істеу, негізгі сұраулар бойынша іздеу жүйелерінде веб-сайтты алдыңғы қатарға жылжыту, іздеу жүйелері арқылы органикалық трафикті арттыру, сайт контентін оңтайландыру үшін кілт сөздерді және бәсекелес ортаны талдау, сайттың іздеу көрінуін жақсарту үшін мета тегтерді, тақырыптарды және беттердің мәтіндік мазмұнын оңтайландыру ;

  9. университет іс-шараларының апталық дайджестіне модерация жасау, дайджестті белгіленген мерзімде электрондық пошта арқылы жіберу және Университет сайтында жариялау үшін университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара тұрақты байланыс жасау;

  10. Университеттің құрылымдық бөлімшелері бөлімше атынан өз құзыреті шегінде сұраған ақпаратты уақтылы беру;

  11. жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

  12.  Маркетинг департаментінің қызметкері болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады).

13) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;

14) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

15) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;

16) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;

17) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Ready to Apply?

Take the next step in your career journey

Stand out with a professional resume tailored for this role

Build Your Resume – It’s Free!