Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің менеджері
Full-time Mid-Senior LevelJob Overview
1) Университет Президентінің атына келіп түсетін кіріс хат-хабарды (сыртқы контрагенттерден) ағылшын тіліне аударуды жүзеге асырады;
2) Университеттің Ішкі нормативтік құжаттарының репозиторийін бірлесіп басқарады (құжаттарды жүктейді, жариялайды, мәртебесін және қолжетімділік деңгейін өзгертеді);
3) Университеттің Ішкі нормативтік құжаттарының тізілімін жасауға және өзектендіруге қатысады;
4) Университеттің күші жойылған ішкі нормативтік құжаттарының есебін жүргізуге қатысады;
5) Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының ресімделуін тексеруге қатысады;
6) Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарына іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
7) Университет жұмыскерлеріне электрондық құжат айналымы жүйесіндегі және репозиторийдегі жұмыс бойынша консультация береді, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жүйенің әкімшілері мен әзірлеушілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
8) Университет бюджетінің баптарына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған Бөлімшенің бюджеттік өтінімін (бланкілер, кеңсе тауарлары, мерзімді басылымдарға жазылу, имидждік өнім, мөрлер мен мөртабандар) қалыптастырады;
9) Бөлімшенің ішкі веб-парағына әкімшілік етеді (іс жүргізу және құжат айналымы саласындағы жадынамаларды, әдістемелік материалдарды, нұсқаулықтарды және басқа да өзекті ақпараттарды жүктейді, өзгертеді және жариялайды);
10) персоналды іздеу және іріктеуде Бөлімше басшысына әкімшілік қолдау көрсетеді (бос жұмыс орындарына мониторинг жүргізу, хабарландыруларды орналастыру, үміткерлерді іздеу, алдын ала сұхбат ұйымдастыру, әңгімелесу мәселесін HR-мен келісу);
11) Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды дайындайды;
12) жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторинг жүргізу процестеріне қатысады.
Make Your Resume Now