Make Your Resume Now

Оқу және оқытуды қолдау жөніндегі кітапханашы, Оқу және оқытуды қолдау офисі, Кітапхана

Full-time Mid-Senior Level

Job Overview

1. Ақпараттық медиа, цифрлық және ЖИ-сауаттылық бойынша бағдарламалар мен қызметтерді әзірлеу және іске асыру:
1) тренингтер семинарлар, оқу сабақтары, кіріспе курстар, интеграцияланған модульдер (күндізгі және онлайн форматта) өткізеді;
2) ғылыми коммуникацияны қоса алғанда, зерттеу дағдысын қамтамасыз ету бойынша тренингтер өткізеді;
3) тренингтердің тақырыптық және күнтізбелік жоспарына ұсыныстар енгізеді;
4) тренингтің базалық, орта және озық деңгейін нақтылай отырып, сабақ жоспарларын және басқа да қажетті әдістемелік материалдарды әзірлейді;
5) оқу іс-шараларын ұйымдастыру үшін баспагерлермен, жеткізушілермен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтасады;
6) қажет болған жағдайда пайдаланушылар мен келушілер үшін бағдарлау іс-шаралары мен экскурсиялар өткізеді; 
7) инновациялық әдістер мен платформаларды (мысалы, LibGuides, әлеуметтік желілер, Moodle және т.б.), сондай-ақ контентті құрудың әртүрлі құралдарын пайдаланып, анықтамалықтар мен оқу материалдарын, құрылымдық сабақтар мен өзін-өзі оқытуға арналған модульдерді әзірлейді, қолжетімділік пен өзектілікті қамтамасыз етеді.

2. Кітапхана мен Мектептер / кафедралар арасындағы өзара іс-қимыл:
1) ОПҚ мүшелерімен ақпараттық сауаттылық пен зерттеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған оқу сабақтарын жоспарлау мен өткізуді үйлестіреді;
2) Мектептердің қызметтер мен ресурстарды ұсынудағы ақпараттық қажеттіліктерін зерттейді;
3) студенттерге, ОПҚ мүшелеріне және НУ жұмыскерлеріне арналған оқу қолдауының мүмкіндіктерін қолдайтын, толықтыратын және кеңейтетін ресурстарды (кез келген форматта) сатып алу бойынша бағалауды жүзеге асырады және ұсыныстар береді;
4) ОПҚ мүшелеріне оқу курстарына арналған материалдарды, беруге арналған әдебиеттер тізімін, қысқа мерзімді абонементті және оқу сабақтарын өткізуге қажетті басқа да ресурстарды дайындауда қолдау көрсетеді;
5) Мектеп/кафедра қажеттіліктеріне сәйкес оқу материалдарын (әртүрлі форматта) жинау және өзектілігін қамтамасыз ету мақсатында Кітапхана бөлімшелерімен ынтымақтасады.

3. Университет қоғамдастығының қажеттіліктеріне сәйкес Кітапхананың баспа және цифрлық коллекцияларын дамыту:
1) белгіленген өлшемдерге сәйкес әртүрлі форматтағы ресурстарды іріктеуді жүзеге асырады;
2) ресурстарды сатып алуға өтінімдер жібереді.

4. Ақпаратты іздеу, бағалау және пайдалану бойынша консультациялар және өзге де анықтамалық қызметтер ұсыну:
1) Кітапханада анықтамалық қызмет көрсетуді үйлестіреді;
2) қызмет көрсету кестесіне сәйкес алдын ала жазылу бойынша және жазылмай консультациялар береді;
3) анықтамалық қызметтерді ұсыну үшін (күндізгі және онлайн) тиісті инновациялық әдістер мен технологтарды пайдалану;
4) ақпаратты іздеу, бағалау және пайдалану мәселелері бойынша жеке және топтық консультациялар жүргізеді.

5. Бөлімше қызметтерімен қанағаттануға және тиімді өзара ісқимылға жәрдемдесу
1) Бөлімшеде ұсынылатын бағдарламалар мен қызметтерге бағалау мен талдау жүргізеді;
2) Бөлімшенің міндеттеріне байланысты білім беру және мәдени-демалыс ісшараларын ұйымдастыруға қатысады;
3) Кітапхана ресурстары мен қызметтерін ілгерілетуге бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеуде студенттік клубтармен және ұйымдармен ынтымақтасады.

6. Пайдаланушылардың хабардарлығы мен белсенділігін арттыру мақсатында Кітапхана сайты, әлеуметтік желілер және басқа байланыс арналары арқылы Кітапхана қызметтері мен ресурстарын ілгерілету:
1) қажет болған жағдайда өзекті ақпарат пен қызметтерге уақтылы және дәл қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, Кітапхананың веб-ресурстарын қайта қарауға және жаңартуға көмек көрсетеді;
2) Кітапхананың маркетингі мен коммуникациясына жауапты жұмыскерлерімен бекітілген Мектептер мен кафедраларға қолжетімді қызметтер мен ресурстардың толық спектрін ілгерілетуді үйлестіреді.

7. Анықтамалық, оқытушылық және пәндік қызмет саласында тәжірибе алмасуды және стандарттарды қолдауды қамтамасыз ету:
1) ұқсас мекемелердегі әріптестермен және ұқсас лауазымдарды атқаратын адамдармен кәсіби қатынастарды жолға қояды және дамытады;
2) тәлімгерлік және оқыту мүмкіндіктерін ұсына отырып, Кітапхананың әріптестерімен, сондай-ақ Қазақстанның басқа академиялық кітапханаларымен білімі мен озық тәжірибесімен бөліседі;
3) тәжірибе алмасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады (Академиялық кітапханалардың еуропалық конференциясын, Академиялық кітапханалардың еуразиялық тренингін қоса алғанда);
4) қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін тиісті инновациялық шешімдерді, онлайн-құралдарды, бағдарламалық пакеттерді және басқа ресурстарды қолдану мүмкіндіктерін зерделейді.

8. Университеттің ұйымдастырушылық дамуына жәрдемдесу:
1)инновациялық және сапалы оқыту мен ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын педагогикалық тәжірибелер, оқыту стратегиялары, технологиялар мен әдістемелер саласындағы білімді қолдайды;
2) Кітапхана мен Университеттің стратегиялық міндеттерін қолдау мақсатында Кітапхана мен Университеттің тиісті кафедралары мен офистермен берік жұмыс қатынастары мен серіктестікті орнатады;
3) Кітапхананы әр түрлі ішкі және сыртқы бастамалар мен жұмыс топтарында ұсынады.

Ready to Apply?

Take the next step in your career journey

Stand out with a professional resume tailored for this role

Build Your Resume – It’s Free!