Make Your Resume Now

Деканының ассистенті (уақытша позиция)

Full-time Not Applicable

Job Overview

Ассистент келесі міндеттерді орындайды және жауапты:

1) Деканға қарауға және қол қоюға берілетін құжаттардың жобаларын қабылдайды және ресімдеудің дұрыстығын тексереді, сондай-ақ оларды сапалы редакциялайды;  

2) Мектеп Деканының қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды және тексереді, сондай-ақ қабылданған шешімге сәйкес оны кейіннен орындаушыларға жұмыс процесінде пайдалану немесе жауап дайындау үшін береді;

3)   құжаттарды және есептерді ұсыну мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және/немесе ұйымдарымен өзара әрекеттеседі;

4) Мектепте іс қағаздарын жүргізеді;

5)   Мектеп Деканының жұмысына қажетті баяндамалардың, есептердің және басқа да материалдардың жобаларын дайындайды;

6) Мектеп құжаттарының Университет мұрағатына сақтауға тапсырылғанға дейін есепке алынуын және сақталуын, олардың жай-күйін және сақталуын бақылайды;

7) Мектеп номенклатурасына сәйкес істерді Мұрағатқа сақтауға тапсырады;

8) жыл сайын Бөлімшенің істер номеклатурасының жобасын әзірлейді;

9) Мектепте қорғалуы тиіс Университет бланкілерін береді, сақтайды, есепке алады;

10)   тиімді еңбек тәртібін әзірлеу мақсатында Мектеп Деканының кездесулерін ұйымдастырады және үйлестіреді;

11)   Мектеп Деканы өткізетін отырыстарды, кеңестерді және басқа да жиналыстарды ұйымдастырады (қажетті материалдарды жинайды, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды тіркейді);

12)   кеңес хаттамаларын жүргізеді, ресімдеу және орындалуын бақылайды;

13) Мектеп Деканының шешімдерін тіркейді және мүдделі тұлғалардың танысуын қамтамасыз етеді;

14) келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, Мектеп қызметкерлерінің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға жәрдемдеседі;

15) Деканның жұмыс күнін жоспарлауға жәрдемдеседі, күн сайынғы жұмыс кестесін жүргізеді және Деканның кездесулерін ұйымдастырады;

16) Деканның қызметін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады (көлікке, билеттерге тапсырыс беру; кездесулер, келіссөздер ұйымдастыру; т. б.);

17) Деканның жыл сайынғы еңбек демалысын, іссапарын ресімдеу кезінде қажетті құжаттарды дайындайды;

18) Университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Мектептің істер номенклатурасын жүргізеді;

19) өзінің функционалдық міндеттерінің шеңбері бойынша хат алмасады;

20) жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;

21) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;

22) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

23) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;

24) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;

25) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Ready to Apply?

Take the next step in your career journey

Stand out with a professional resume tailored for this role

Build Your Resume – It’s Free!