Көшбасшылық, студенттердің тартылуы және әскери есеп жөніндегі менеджер, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті
Full-time Entry LevelJob Overview
Міндеттер (мақсаттар, негізгі жауапкершілік салалары және функциялар):
1. Студенттік жобалар мен бастамаларды ұйымдастыру және сүйемелдеу:
- Сабақтан тыс студенттік іс-шараларды, соның ішінде мектепаралық, жоғары оқу орындары арасындағы және серіктестік жобаларды жоспарлайды, үйлестіреді және сүйемелдейді.
- Студенттерді іс-шараларға қатысуға тартады, олардың идеяларын қолдау жүйесін қалыптастырады, жобалық қызмет мәселелері бойынша консультация береді.
- Студенттік ұйымдар жобаларының өмірлік циклін қадағалайды.
2. Студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқаруды қолдау:
- Студенттік ұйымдарға даму, ішкі құрылым және Университет әкімшілігімен өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде консультация береді.
- Жаңа студенттік бірлестіктерді тіркеуге және оларды сүйемелдеуге жәрдемдеседі, Бөлімшенің құзыреті шеңберінде олардың операциялық қызметін қолдайды.
- Өз құзыреті шеңберінде студенттік өзін-өзі басқару органдарына (оның ішінде Студенттік үкіметке) әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
3. Студенттік өмірдің ақпараттық ресурстарын басқару:
- Студенттік портал мен Университеттің корпоративтік веб-сайтындағы "Студенттік өмір" бөлімін үйлестіру мен дамытуға жауапты.
- Университеттің әкімшілігі мен студенттер арасындағы коммуникацияның цифрлық арналарын дамытады, олардың қолжетімділігі мен тартылуын қамтамасыз етеді.
4. Студенттік бірлестіктер бойынша талдау және дерекқор жүргізу:
- Студенттік ұйымдардың қызметі мен студенттердің қатысу деңгейі туралы статистикалық деректерді жинауды, құрылымдауды және талдауды жүзеге асырады.
- Студенттік бірлестіктердің дерекқорын жаңартады және дамытады, оның дұрыстығы мен өзектілігін қадағалайды.
- Жетекшілік ететін бағыттар бойынша талдамалы есептер мен жинақталған мәліметтерді қалыптастырады, басшылық шешім қабылдауы үшін ақпарат ұсынады.
5. Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, білім алушылардың әскери есебін жүргізу:
- Студенттік жобаларды іске асыру және оқудан тыс ортаны жақсарту мақсатында Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді.
- Студенттік бастамаларды қолдау мәселелері бойынша академиялық және әкімшілік қызметтермен байланыс орнатады.
- Студенттердің сыртқы іс-шараларға (олимпиадалар, конференциялар, байқаулар, форумдар және т.б.) қатысуын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
- Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар қалыптастыру және студенттік саясаттағы өзгерістерді негіздеу үшін аналитикалық деректерді пайдаланады.
- Студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару қызметін реттейтін нормативтік құжаттар мен рәсімдерді әзірлеуге қатысады.
- Білім алушылардың әскери есебін ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті мәліметтердің жиналуын, жаңартылуын және уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Make Your Resume Now