Make Your Resume Now

Студенттік спорт бойынша менеджер, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті

Full-time Entry Level

Job Overview

4.1. Операциялық басқару және үйлестіру:

1) студенттік спортты дамытуға қатысты операциялық қызметті басқару;

2) Университетте спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру өмірін үйлестіруге, жоспарлауға және дамытуға қатысу;

3) спорт клубтары жаттықтырушыларының қызметін үйлестіру, қызмет көрсету шарттарын, қаржылық есептілікті және жаттығу кестелерін бақылау және басқару;

4) Университеттің құрама командалары үшін спорт киімдері, жабдықтар мен спорт құралдарын есепке алу және тарату;

5)  Университеттің спорт нысандарында тазалықтың, жалпы тәртіптің, тәртіптіліктің, еңбекті қорғау нормаларының, өрт қауіпсіздігінің, техника қауіпсіздігінің, санитария мен гигиена талаптарының сақталуына мониторинг жүргізуге қатысу.

4.2. Ынтымақтастық және сыртқы байланыстар:

1) Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі спортты дамытуға жауапты басқа университеттермен, жастар ұйымдарымен және жергілікті органдармен ынтымақтастықты орнату және дамытуға қатысу;

2) Университеттің қарым-қатынас жөніндегі менеджерімен бірлесе отырып, студенттердің спорттық өмірін және салауатты өмір салтын ілгерілету үшін Университеттің басқа бөлімшелерімен қарым-қатынасты дамыту;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және Университет бөлімшелерімен консультация беру жұмыстарында қатысу.

4.3. Қаржылық басқару және құжаттама:

1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бюджетті уақтылы қалыптастыруды қоса алғанда, студенттік спортты қаржыландыруға байланысты операциялық қызметті жүзеге асыру;

2) спорттық қызметтің қаржылық аспектілеріне қатысты қажетті құжаттаманы дайындау.

4.4. Жоспарлау және дамыту:

1) студенттік спорт ұйымдарының қызметін әзірлеу және үйлестіру, олардың жылдық жұмыс жоспарын дайындау;

2) Университет өмірінде спорт және дене шынықтыруды дамыту бойынша басшылыққа ұсыныстар дайындау.

4.5. Студенттерге консультация беру және қолдау:

1) қалалық, республикалық және халықаралық турнирлер мен жарыстарға қатысатын студенттерге консультациялар беру және қолдау көрсету.

4.6. Тәуекелдерді басқару және мониторинг:

1) өзінің жауапкершілік саласы шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторингтеу процестерін бақылау;

2) өз құзыреті шеңберінде Бөлімше бастамашылық жасаған шарттар мен қосымша келісімдердің жобаларын әзірлеу, оларды жасасу және олардың орындалуына кейінгі мониторинг жүргізу.

Ready to Apply?

Take the next step in your career journey

Stand out with a professional resume tailored for this role

Build Your Resume – It’s Free!