Менеджер, Студенттерді оқуға қабылдау офисі
Full-time Entry LevelJob Overview
1) Назарбаев Университетіне (бұдан әрі - Университет) талапкерлерді/үміткерлерді қабылдауды жүзеге асыру;
2) Басшыға жетекшілік етеітн бағыт бойынша жұмыстарды жоспарлауда ұсыныстар жасау;
3) Университет бағдарламаларына талапкерлерді/үміткерлерді конкурстық іріктеу және оқуға қабылдауды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
4) шетелдік ұйымдармен стандартталған тестілер мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;
5) Бөлімше құзыреті шегінде Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салуларымен жұмыс істеу, азаматтардың, әріптестердің және басқа ұйымдардың хаттары мен өтініштеріне уақтылы жауаптар беру;
6) Бөлімше қызметінің аясында Университет бағдарламаларына талапкерлерді/үміткерлерді тарту мақсатымен оқу бағдарламаларын үгіттеуде және рекрутинг іс-шараларына қатысу;
7) Бөлімшенің құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу;
8) Университет бағдарламалары талапкерлерінің/үміткерлерінің электрондық деректер базасын жүргізу, тексеру және түзетулер жасау;
9) студенттерді оқуға қабылдау мәселелері Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуге;
10) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторингтеу процестеріне қатысу;
11) өз құзыреті аясында конкурстық іріктеу процестері мен оқуға қабылдау бойынша статистика жүргізу;
12) Жетекшілік ететін бағыт бойынша Университеттің ресми сайтындағы Бөлумше парақшасы үшін ақпаратты дайындау және талапкерлерге/үміткерлерге хабарламаларды дайындау;
13) талапкерлердің/үміткерлердің/тыңдаушылардың/студенттердің жеке істерін Университеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
14) алдын алу шараларын уақтылы қабылдау үшін Басшыға болуы мүмкін тәуекелдер, қауіптер, штаттан тыс жағдаяттардың туындағаны туралы уақтылы хабардар етуге;
15) талап етілетін лауазымдық міндеттеріне сәйкес біліктілігін арттыруға;
16) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Басшы мен Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
17) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
18) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;
19) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
20) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.
Make Your Resume Now