Make Your Resume Now

Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің менеджері (декреттік демалысқа орай уақытша алмастыру)

Posted September 09, 2026
Full-time Mid-Senior Level

Job Overview

1) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерін тіркеуді, есепке алуды, беруді және сақтауды жүзеге асырады, шешімдерде берілген тапсырмалардың орындалуын бақылайды;

2) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерінің тізілімін жасайды;

3) Университет басшылығының өз күшін жойған негізгі қызмет бойынша шешімдерінің есебін жүргізеді;

4) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады және негізгі қызмет бойынша басшылықтың шешімі бойынша істердің жай-күйі мен орындаушылық тәртіптің деңгейіне талдау жасайды, орындау мерзімдері туралы жауапты орындаушылар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларын хабардар етеді, орындаушылық тәртіп туралы Университет басшылығына ақпарат дайындайды;

5) Университет шешімдерінің үлгілік нысандарының табелін жүргізеді, Университет шешімдерінің үлгілік нысандарының өзектілігін бақылайды және мониторингін жүзеге асырады, шешімдердің ескі үлгілік нысанын өзектендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және Университеттің Мектептері үшін шешімдердің жаңа үлгілік нысандарын әзірлейді;

6) Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарына іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

7) Университет жұмыскерлеріне электрондық құжат айналымы жүйесіндегі жұмыс бойынша консультация береді, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЭҚАЖ әкімшілерімен және әзірлеушілерімен байланысты жүзеге асырады;

8) Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды дайындайды;

9) Университет бюджетінің баптарына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған Бөлімшенің бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысады;

10) жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторинг жүргізу процестеріне қатысады.

Ready to Apply?

Take the next step in your career journey

Stand out with a professional resume tailored for this role

Build Your Resume – It’s Free!